
31 Желтоқсанда елорда маңындағы Пригородный тұрғын алабында жыл бойғы жәрмеңке бір сағатқа ұзағырақ жұмыс істемек. Ал келесі төрт күнде уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
2021 жылдың 31 желтоқсанында ауылшаруашылық жәрмеңкесі сағат 19:00-ге дейін болады. 1-4 қаңтар аралығында жәрмеңке жұмыс істемейді. 5 қаңтардан бастап жұмыс бұрынғы режимде жалғасады: күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.
Қазір жәрмеңкеге 40 кәсіпкер қатысады. Жергілікті өндірушілерден басқа Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кәсіпкерлері де өз тауарларын ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл Нұр-Сұлтандағы алғашқы жыл бойғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі. Жәрмеңкедегі бағалар нарықтық бағадан 15-20% - ға төмен. Ғимараттың мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Пригородный тұрғын алабы, Арнасай көшесі, 109.
Жәрмеңкеде жұмыс істеуге мүдделі кәсіпкерлер 8 7172 61 35 54 нөміріне хабарласуы қажет. Алғашқы үш айда сауда орындары тегін беріледі, содан кейін жалдау жеңілдік тарифімен алынады.