


Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің өкілдерімен кездесті, деп қала әкімдігінің сайты хабарлады.
Жиынға құқық қорғау органдарының, қаланың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және басқа да қалалық құрылымдардың өкілдері қатысты.
ТҚК төрағалары әкімге әрбір ұзақ құрылыстағы шешілмеген түйткілді мәселелер туралы айтып берді.
Проблемалық тұрғын үй кешендеріне қатысты мемлекеттік органдар өткізетін іс-шаралар барлық мемлекеттік органмен келісілуі және бірдей түсіндірілуі тиіс.
Жиын қорытындысы бойынша әкім құрылысты аяқтауды және белгіленген мерзімде проблемалық нысандарды пайдалануға беруді тапсырды.
Сондай-ақ, сот, прокуратура және қала полициясы өкілдерімен бірлесіп, отырыста айтылған «Тұран-Сыған» ТҚК жалған мөрлерін дайындау фактілері бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ «Бақыт Арыстан» ТҚК жертөле үй-жайларының тасқынымен байланысты ақауларды жою қажет.
Отырыс соңында Алтай Көлгінов ТҚК төрағаларына мемлекеттік органдарға әр нысан бойынша нақты түйткілді мәселелерді ұсынуды тапсырды.