Қалалық акселератор тұрғындардың елорда проблемаларын шешуге қатысуына мүмкіндік береді

Қалалық акселератор тұрғындардың елорда проблемаларын шешуге қатысуына мүмкіндік береді

 

Қала әкімі Алтай Көлгінов халықаралық Whiteshield Partners халықаралық компаниясының өкілдерімен кездесіп, қалалық акселераторды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастықты талқылады, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жүйелік проблемалардың түпкi себептерін іздеу үшін әлемдегі жақсы методология сыни әлеуметтік мәселелерді шешу мен қысқа уақыт ішінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін Халықаралық жедел нәтижелер институтының (Rapid Results Institute) тәжірибесі болып саналады.

Осындай акселераторларды енгізу тәжірибесімен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен Whiteshield Partners Strategy & Public Policy Advisory халықаралық консалтингтік компаниясы бөліседі, ол бұрын Біріккен Араб Әмірліктері үкіметінің жергілікті және федералдық деңгейлерінде акселерация қағидасын енгізген болатын.

"Біз акселерацияны халықаралық деңгейде енгізу тәжірибесі бар Whiteshield Partners халықаралық компаниясымен ынтымақтастыққа келгенiмiзге қуаныштымыз. Осы жылы біз сіздердің қатысуларыңызбен 10 бағыттың 3-еуiн пысықтаймыз. Ынтымақтастығымыз ɵз жемiсiн бередi үміттенеміз", - деді кездесу қорытындысы бойынша Алтай Көлгінов.  

Big Data технологиясын пайдалана отырып, азаматтардың ұсыныстары мен өтініштерінің негізінде қаланың жүйелік проблемаларының рейтингі қалыптастырылды, онда 48 жүйелік мәселе бар. Оларды талдау негізінде қалалық құрылымдар жұмысының бастапқы 10 дәрежелі бағыты анықталды.

Олардың ішінде үй жануарларын ұстау, серуендету және қаңғыбас жануарларды аулау, құдықтардың ашық қақпақтары жɵнiндегi проблемаларды шешу, қар/мұздарды уақытында жинау, қоғамдық көлік аялдамаларын абаттандыру, көшені жарықтандырудың таратылмаған желілерінің санын азайту, медициналық мекемелерде қонақжайлылық стандарттарын енгізу, балабақшалардағы орындарды бөлу ашықтығын арттыру, шығындарды азайту жолымен қалалық массивтерді көгалдандыру, ПИК көрсететін қызметтердің сапасын арттыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, жазатайым оқиғалардың санын азайту және жұрт көп жиналатын жерлерде алғашқы көмек көрсету сапасын жақсарту. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы жобаны жүзеге асырудың қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудағы маңыздылығын атап өтті.