Тұңғыш Президент күнінде Байқоңыр ауданында мерекелік іс-шаралар өткізілді

Тұңғыш Президент күнінде Байқоңыр ауданында мерекелік іс-шаралар өткізілді

Байқоңыр ауданы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған мерекелік іс-шаралар өтті. Бағдарламада аниматорлармен интерактивті ойындар, балалар арасында футбол, каратэ және тоғызқұмалақ бойынша жарыстар өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған мерекелік бағдарламалар Кенесары көшесі 51, Отырар көшесі 10, Кравцов көшесі 1, 1/1, Тараз көшесі 2, 2а, Жұбанов көшесі, 29 мекенжайлары бойынша өткізілді.

Сонымен қатар, Өндіріс тұрғын алабында Ақбидай-Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысында (№21 ОМ жанында) орналасқан "Ақбидай" гүлзарында аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған ойын-сауық интерактивті бағдарламалары мен Өндіріс тұрғын алабының №49, №21, №23 және №34 орта мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Кирпичный тұрғын алабының тұрғындары үшін Чехоев көшесі мен Жолымбет көшесі қиылысындағы саябақта аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы дайындалды.

Осы уақытта Казгородок тұрғын алабында "Замандас" аула клубында тоғызқұмалақтан турнир, ал "Шымыр" аула клубында каратэден жарыс өтті. Жазушылар аллеясында Байқоңыр ауданы мектептерінің оқушылары арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Көңілді старттар қатысушыларға күш-қуат және көптеген жағымды эмоциялар сыйлады. Сонымен қатар, жазушылар аллеясында орналасқан KitapQala ашық аспан астындағы кітапхана қызметкерлері барлық балаларға Тұңғыш Президент күніне орай кітаптар таратты.

Іс-шаралар санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып өткізілді.