
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі спорттың дамуына ерекше көңіл бөлді, бұл отандық спортшыларға әлемдік аренада жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді, деп есептейді дзюдодан Азия чемпионы Ақмарал Науатбек. Ел спортшыларының атынан ол отандастарын 1 желтоқсан мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Ақмарал Науатбек бүгінде қазақстандық спортшылар әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық жағдаймен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
"Тұңғыш Президент күніне орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа денсаулық тілеймін. Ұлт көшбасшысына біз үшін жасаған барлық жағдай үшін алғыс айтқым келеді. Біз, спортшылар, еліміздің намысын халықаралық аренада қорғап жүргенімізге және жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық жағдай жасалғанына өте қуаныштымыз. Бұл күні мен барша қазақстандықтарды осы тамаша мерекемен құттықтағым келеді. Біздің Тұңғыш Президентіміз оған деген сүйіспеншілігімізді сезінгенін қалаймын, өйткені біздің халқымыз біртұтас және менің ойымша, бұл мереке барлық жандар үшін ерекше", – деп құттықтады спортшы.