
Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров Елбасының егемендікті қалыптастырудағы рөлі жайлы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні. Президент институты Қазақстан Республикасының мызғымастығының, мемлекеттілігінің, унитарлығының басты символы болып саналады. Тұңғыш Президентіміздің ел тәуелсіздігін нығайтуға сіңірген еңбегі өте зор. Ең алдымен аумағымызды нығайтып алдық. Екінші ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы салынды. Сол сияқты еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болған сол кезде реформалар жүргізіліп, еліміздің егеменді, фундаменталды өзінің институтатары бар мықты мемлекеттілігіне жеткізіп отыр», – деді Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров.
Сөз соңында Мәжіліс депутаты барша қазақстандықты мерейлі мерекемен құттықтады.