Нұр-Сұлтанда №4 және 320 бағдардағы автобустардың қозғалысы уақытша өзгереді

Нұр-Сұлтанда №4 және 320 бағдардағы автобустардың қозғалысы уақытша өзгереді

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты №4 және 320 бағдардағы автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Наурыз көшесінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты  №4 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бағдар Сарыөзен, Ақмола көшелері арқылы қатынайды.

Сүйінбай ақын көшесінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты  №320 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бағдар Зайсан, Ақан Сері көшелері арқылы қатынайды.

Осыған байланысты қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушыларды түсіністікпен қарап, бағытын алдын ала жоспарлауды өтінеміз.