Дәулеткерей Кәпұлы: Тұңғыш Президент күні – айрықша мерекелердің бірі

Дәулеткерей Кәпұлы: Тұңғыш Президент күні – айрықша мерекелердің бірі

Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы елорда тұрғындарын 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайы қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақ елінің күнтізбесіндегі айрықша мерекелердің бірі – Тұңғыш Президент күні. 1 желтоқсан қыстың жайлы, халықтың көңіліне қуаныш сыйлайтын, жылдан жыл ауысатын күнге жақындайтын, адамның көңілінде алаулы бір сезімдер пайда болатын күндердің бірі. Сондықтан осы Тұңғыш Президент күнімен Қазақстан халқын, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын, елордамыздың Есілдің жағасында ен жайлап жатқан емен-жарқын жұртты құттықтағым келеді», - деді ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы.

Сөзін жалғай отырып, ол жылы лебізін былайша жеткізді:

«Ең бірінші еліміз аман болсын! Ел басқарған азаматтар аман болсын! Ұлтқа бақан, тірек болған азаматтардың ғұмыр-жасы ұзақ болсын! Ұлтына, халқына еңбек ете берсін! Еліміздің көк байрағы көк аспанда мәңгілік желбіреп, берекесі артсын, несібесі тасысын! Баршаңызды келе жатқан Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаймын!» - деді Дәулеткерей Кәпұлы.