Елорданың дамуына үлес қосқан қайраткерлер Есіл ауданының құрылысы туралы естеліктерімен бөлісті

Елорданың дамуына үлес қосқан қайраткерлер Есіл ауданының құрылысы туралы естеліктерімен бөлісті

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық академиялық кітапханада "Есіл" ауданы-Тәуелсіздіктің айнасы " тақырыбында кездесу өтті. Оның қатысушылары - елорданың дамуына үлес қосқан бұрынғы басшылар мен қайраткерлер өз естеліктерімен бөлісті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

"Есіл ауданы айтулы датаны үлкен жетістіктермен атап өтуде. 2008 жылы құрылған біздің аудан танымастай өзгерді. 2008 жылы ауданда 64,5 мың адам, бүгінде 321 мыңға жуық адам өмір сүреді. Мұнда 40 мыңнан астам кәсіпкер, 166 білім беру мекемесі, 24 денсаулық сақтау мекемесі, 11 спорт кешені, 5 саябақ бар. Біз осының бәріне қатысқан аға буын өкілдерімен кездестік. Мен олардың тарихын, жұмыс тәжірибесі мен ойларын тыңдағым келеді. Біз өскелең жастарды Тәуелсіздік, қаланың қалыптасу жағдайлары туралы хронологиялық тәртіпте хабардар етеміз", - деді Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов.

16 желтоқсан-Қазақстанның басты және жалғыз Ұлттық мерекесі. Осы атаулы күнге орай қонақ ретінде саяси және мемлекеттік қайраткерлер, түрлі қызмет салаларының зиялы қауым өкілдері шақырылды. Спикерлер аудан өміріндегі қызықты деректермен, көрсеткіштермен және жетістіктермен бөлісті.

"Біз жас буынға астана мен еліміздің қандай қиындықтарды өткергенін айтуымыз керек. Біз шағын ғана қаладың еліміздің түкпір - түкпірінен жастар тартылып жатқан әдемі мегаполистердің біріне қалай айналғаны туралы әңгімелестік", - деп саяси қайраткер Қуаныш Сұлтанов кездесуден алған әсерімен бөлісті.

"Қабанбай батыр көшесінің бойындағы құрылысқа жауапты болғаным есімде. Мен бұл аймақтың қыр-сырын әбден зпрттегем. Ол кезде бұл аймақ бос жер болатын, ал қазір оның кеңейіп кеткені соншалық, менің өзіме адасып қалмас үшін қазіргі заманғы навигаторларды пайдалануды үйренуге тура келді", - деді қазақстандық саяси және қоғам қайраткері Сансызбай Есілов.

Талқылаудан кейін қатысушыларды атақты фотограф және кинооператор Талғат Тайшановтың "Арман қала" фотокөрмесінің ашылуына шақырды, онда астананың алғашқы салынған кезінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі бейнесі көрсетілді.