
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Мемлекеттік мереке Нұрсұлтан Назарбаевтың ел алдындағы ерен еңбегінің құрметіне 2012 жылдан бастап отандық күнтізбеге енгізілді. Осы атаулы күн қарсаңында белгілі спорт, мәдениет қайраткерлері, қоғам белсенділері қазақстандықтарды құттықтап, еліміздің дамуы мен өркендеуіндегі Елбасының рөлі туралы ой білдірді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Тұңғыш Президент күнін мерекелеу күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтті, онда Нұрсұлтан Назарбаевқа 98,78% дауыс берілді. Бұл ретте сайлаушылардың 88%-дан астамы қатысты.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Елбасы 30 жыл бойы елдегі мәдениет саласының дамуына ерекше көңіл бөлді. 90-шы жылдарғы қиындықтарға қарамастан республикада және қазіргі ел астанасында мәдениет мекемелері, театрлар ашылып, шығармашылық ұжымдар құрылды. М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры Қазақстандағы ең көне театрлардың бірі. Театр ұжымы халықаралық фестивальдар мен беделді шығармашылық конкурстарда бірқатар марапатқа ие болды. Әртістер отандық театр өнері ел басшылығының қолдауының арқасында үлкен дамуға қол жеткізгенін және оны одан әрі жалғастырып келе жатқанын атап өтті.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында театр қызметкерлері қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
«Қымбатты қазақстандықтар! Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры атынан және жеке өз атымнан Сіздерді Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, тек жақсылық тілеймін!» - деді Қырғыз Республикасының Халық әртісі Сергей Матвеев.