Байқоңыр ауданының әкімдігі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шығармашылық байқау өткізеді

Байқоңыр ауданының әкімдігі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шығармашылық байқау өткізеді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Байқоңыр ауданының әкімдігі қала мектептерінің оқушылары арасында "Ел болашағы" әдеби-шығармашылық конкурсын жариялайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Шығармашылық байқау 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Қатысушылар авторлық немесе белгілі ақындар мен жазушылардың шығармаларын оқып, бейнеге жазуы керек. Жеңімпаздар үш жас санаты бойынша 2 топта (авторлық шығармалар және белгілі ақындар мен жазушылардың шығармалары) анықталады:

1) 6-8 жас;

2) 9-13 жас;

3) 13-18 жас.

Осылайша, байқау қорытындысы бойынша 1 орынның алты иегері анықталады, оларды арнайы жүлделер күтеді. 2-3-ші орын алған қатысушылар Байқоңыр ауданы әкімдігінің алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталады.

Байқаудың мақсаты-оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту және қолдау.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған конкурсқа қатысу үшін #байқаубайқоныртәуелсіздікке30жыл хештегімен бейне түсіріп, аудан әкімдігінің ресми аккаунтының дайректісіне сілтеме жіберу қажет.