Елордадағы мемлекеттік мұрағатта "Атырау тәуелсіздік жылдарында" атты көрме өтті

Елордадағы мемлекеттік мұрағатта "Атырау тәуелсіздік жылдарында" атты көрме өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік мұрағаты Атырау облысының мемлекеттік мұрағатымен бірлесіп "Атырау Тәуелсіздік жылдарында" және "Қала тарихы астана мұрағатының фотоқұжаттарында" атты көшпелі көрмелер ұйымдастырды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивінде алғаш рет Атырау облысы мемлекеттік архивінің қорларынан бірегей құжаттар мен фотоматериалдар ұсынылды. Экспозицияда қаланың құрылған сәтінен бастап бүгінгі күнге дейінгі қалыптасу тарихын қамтитын аса құнды құжаттар ұсынылған. Көрме белгілі өлкетанушылар мен мұрағат серіктестерінің жеке қорларынан алынған материалдарға негізделген.

Іс-шара қатысушыларына Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп құттықтау сөз сөйледі.

Көрменің ашылуы барысында "Нұр - Сұлтан қаласының мемлекеттік мұрағатының аса құнды құжаттар топтамасынан" бейнежазба көрсетілді. Іс-шараға өңірлік мұрағаттар өкілдері, қоғам қайраткерлері, ЖОО оқытушылары мен студенттері, қала қонақтары, БАҚ өкілдері қатысты.

Атырау облысының мемлекеттік мұрағатымен одан әрі бірлесіп жұмыс істеу үшін ғылыми-практикалық семинармен аяқталған меморандумға қол қойылды.

Болашақта осындай іс-шара басқа өңірлермен де жалғаспақ.