Елорданың қандай медициналық ұйымдарында Pfizer вакцинасын алуға болады?

Елорданың қандай медициналық ұйымдарында Pfizer вакцинасын алуға болады?

15 қарашадан бастап елордада Pfizer-мен вакциналау басталады. Тиісті контингентке екпе қаланың медициналық ұйымдарында және жасөспірімдерге білім беру мекемелерінде салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алайда, қаланың барлық медұйымдары жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды, лактация кезеңіндегі әйелдер мен балаларды вакциналау науқанына қатыспайды.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы Pfizer вакцинасы салынатын медициналық ұйымдар тізімін ұсынып отыр:

- Қалалық №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 емханасы;
- «Достық» отбасылық денсаулық орталығы;
- «Жанұя», «Салауатты Астана», «Шипагер», «Кировская» ЖШС (барлық филиалдары).