
Елордалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда 2 қазанда ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен қарттар үшін Ашық есік күні өтеді.
Іс-шара Халықаралық қарттар күні аясында осы сенбі күні сағат 8:00-ден 16:00-ге дейін өтеді.
Ашық есік күні аясында осы санатқа кіретін қала тұрғындары Check-up пакет деп аталатын кешенді медициналық тексеруден өте алады, деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
«Қарт адамдар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар медициналық қызметтерге қол жеткізе алады, оларға ТМККК және МӘМС шеңберінде барлық көмек көрсетіледі. Халықаралық қарттар күніне орайластыра отырып, біз оларға толыққанды тексеруден өтіп, өз аурулары бойынша аясы тар мамандармен кеңесу үшін арнайы бір күн бөлдік. Үлкендерді сыйлау, оларға құрметпен қарау – біздің парызымыз», – деп атап өтті ведомствода.
Олар аумақтық тіркеу бойынша медициналық ұйымға жүгіне алады. Медициналық мекемелердің кейбірінде санитарлық нормаларды сақтай отырып мерекелік бағдарламамен шағын құттықтаулар болады.