
Елордалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «AG Disinfection services» ЖШС-мен бірлесіп, Нұр-Сұлтанда дератизация іс-шараларын өткізу бойынша күзгі турды жалғастыруда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Өңделетін ашық аумақтардың ауданы – 3112 гектар. Қазіргі уақытта Алматы, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарындағы Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің аумағы, зираттар, су айдындары, қамыс арасы өңделді. Есіл ауданының аумағын өңдеу жұмыстары басталады.
Осыдан кейін жеке секторда дератизациялық іс-шаралар басталады. Тұрғындар арнайы улы дәрі-дәрмектерді тегін алады, сонымен қатар қауіпсіздік нұсқаулары сол жерде өткізіледі.
Улы қармақжемдер саябақтарда, өзендердің, каналдардың, су қоймалары мен зираттар аумағында орналастырылады. Кеміргіштерді жою ҚР-да қолдануға рұқсат етілген Бромадиолон және Бродефор препаратын қамтитын дәнді улы препараттарды пайдалана отырып жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай шаралар кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу үшін қажет.