Елорда тұрғындарына газ жабдықтарын пайдалану ережелері түсіндірілді

Елорда тұрғындарына газ жабдықтарын пайдалану ережелері түсіндірілді

Елордалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы газ жүйелерін пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін еске салды. Түсіндіру жұмыстары газ-ауа қоспасының жарылысын және тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын пайдалануға байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Сонымен, екі қабаттан биік көппәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі міндетті.

Газ су жылытқышын тек желдеткіші бар бөлмеде, терезесі бар асүйлерде орнатуға болады. Түтін және желдету каналдарыигаз пайдаланатын жабдықтарының жарамдылығын және уақытылы тексерілуін қамтамасыз ету қажет. Қазақстан Республикасының Газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес қауіпсіздік ережелері бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделеді.

«Әкімдікпен екі қабаттан асатын тұрғын үйлерде газ баллонын пайдалану бойынша жоспардан тыс тексеру екі мәрте жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша пәтер иелеріне қатысты әкімшілік шаралар (ҚР ӘҚБтК-нің 306-бабының 1-бөлігі бойынша 20 419 теңге мөлшерінде) қабылданды, одан әрі анықталған ескертулер жойылды», – деп атап өтті газ инспекциясы және көтергіш құрылыстарды бақылау бөлімі басшысының м.а. Рақымжан Бектанов.

Естеріңізге сала кетейік, 1% концентрациясы бар улы газ адам үшін өлім дозасы болып саналады. Тиісті қауіпсіздік шаралары сақталмаған кезде қайғылы жағдай орнауы мүмкін. Газ жабдығы үшін техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт болмаған жағдайда газбен жабдықтау тоқтатылуы мүмкін.