Елорда әкімі және Шуазель институтының президенті IT-технологиялар саласында ынтымақтастық мәселелерін талқылады

 Елорда әкімі және Шуазель институтының президенті IT-технологиялар саласында ынтымақтастық мәселелерін талқылады

 

Қала әкімі Алтай Көлгінов Шуазель институтының президенті, Орталық Азиядағы экономикалық дипломатия бойынша Францияның Еуропа және сыртқы істер министрінің арнайы өкілі Паскаль Лоромен кездесті.

Тараптар екі елдің цифрландыру, жасыл экономиканы дамыту, IT технологияларын әзірлеу, Мәдениет және басқа да салалар бойынша бірқатар проблеманы талқылады.

Кездесу барысында Лоро мырза екі елдің жемісті ынтымақтастығын атап өтті. Оның айтуынша, француз компаниялары қазақстандық компаниялармен бірге бірқатар жобаларды табысты жүзеге асырып келеді. Сондай-ақ, ол ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция басшысы Эммануэль Макронның Брюссельдегі кездесуі аясында екіжақты ынтымақтастықтың 3 негізгі бағыты белгіленгенін еске салды.  Ол ауыл шаруышылығы, цифрландыру және баламалы энергия.

Алтай Көлгінов Қазақстан мен Франция арасындағы жасыл экономика саласындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейін және ұқсас ұстанымды атап өтті. Ол астананы жан-жақты дамыту мәселелерінде "Smart City" цифрлық технологиялары, қаланың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелер пайдаланылатынын айтты.

Әкім қазақстандық тарап Франциямен жаңа технологиялар саласында белсенді ынтымақтастыққа мүдделі екенін атап өтті.

 Атап айтқанда, елорда басшысы IT-мамандарды дайындайтын №42 француз мектебі мен жергілікті колледж базасында өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасуға дайын екенін айтты.  

- Біз ұсыныстар үшін ашықпыз және 2018 жылдың қазан айында кездесу аясында екі ел басшылары айқындаған негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимыл мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз, - деп атап өтті әкім.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қолдағы уағдаластықтар шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасау туралы және бірқатар нақты өзара тиімді жобаларды әзірлеуге келісті.