
IDC Excellence Awards 2021 нұсқасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек Орталық Азия мен ТМД-ның 11 елі арасында Digital Leader сыйлығын алды, оның ішінде Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина және Өзбекстан бар. Өткен жұмада Нұр-Сұлтанда IDC CIO Summit 2021 өтті, оның барысында түрлі елдерден келген CIO жаңа жағдайларда Ақпараттық технологиялар саласындағы шешімдерді, тәсілдерді және үздік тәжірибелерді ұсынды. Іс-шара санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өтті.
Іс-шараны ақпараттық технологиялардың әлемдік нарығын зерттеумен және болашақта IT-инфрақұрылымын одан әрі дамытумен айналысатын IDC халықаралық зерттеу компаниясы ұйымдастырды. Жиында цифрландырушылар жаңа жағдайдағы тұрақты ұйымдар құру стратегиясын талқылады, IT саласындағы табысты бастамаларымен бөлісті.
Сондай-ақ, саммитте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ауқымды жобаларының бірі – елорданың цифрлық сыңары таныстырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда сәулет желісі бойынша «Нұр-Слтан қаласының геоақпараттық орталығы» жобасы іске асырылуда, ол елорданың цифрлық сыңары болып саналады, соның арқасында қаланы нақты жоспарлауда жаңа мүмкіндіктер ашылады. Жүйе қаладағы барлық деректі бірыңғай кеңістікке біріктіруге және қолданыстағы процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Мысалы, автоматты статистика көрінеді – бизнес субъектілері қалада қалай дамуды жоспарлайды, елді мекендерге тиісінше қандай әлеуметтік нысандар қажеттігі байқалады.
Жоба қаланың тыныс-тіршілігін толық қамтамасыз ету үшін көптеген міндетті қамтиды. Сондай-ақ, халыққа ұсынылатын барлық әлеуметтік қызмет Нұр-Сұлтанның одан әрі орнықты дамуы және барлық жерге инновациялық технологияларды енгізуі үшін жергілікті орынға байланыстырылатын болады.
Айта кетейік, елордада Smart City негізгі бағыттары бойынша жобаларды енгізу жалғасуда, олар бүгінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар мен интернет пайдалану арқылы тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға айтарлықтай әсер етеді.