Газдандыру, шет аймақтарды дамыту, көлік, абаттандыру: Елорда әкімі электрондық үкімет порталында онлайн-конференция өткізеді

Газдандыру, шет аймақтарды дамыту, көлік, абаттандыру: Елорда әкімі электрондық үкімет порталында онлайн-конференция өткізеді

2021 жылғы 17 қыркүйекте сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін «электрондық үкімет» порталында (e.gov.kz) Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен интернет-конференция өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Интернет-конференция мына тақырыптарда өтеді:

1. Елорданың шет аумақтарын дамыту;
2. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы түйткілді мәселелерді шешу;
3. Білім беру саласын дамыту;
4. Тұрғын үй саласындағы түйткілді мәселелер;
5. Үлестік құрылыстың проблемалық нысандары;
6. Елорданың кварталішілік және жалпы қала аумағын абаттандыру;
7. Нұр-Сұлтан қаласына газ қосу және жабдықтау (газдандыру).

Конференцияға қатысуға ниет білдіргендердің бәрі e.gov.kz сайтына кіріп, өз сұрақтарын қалдыра алады («Ашық диалог» қосымша беті – интернет-конференциялар, электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы кіру).