
Елорданың мониторингтік топтары бірнеше ай бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, күн сайын қаланың 100-ден астам нысандары арасында карантин бұзушыларды анықтайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
30 шілде күні мониторингтік топтар 16 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Алматы ауданында орналасқан Триатлон паркіндегі "Воздушный шар" аттракционында, Жирентаев 20 және Сәтпаев 22 мекен-жайындағы "Панаехали" барында, сондай-ақ "Шишка" барында және "Sova" караоке-клубында карантин талаптарының бұзылғаны анықталды.
Байқоңыр ауданында Уәлиханов көшесіндегі "cotton" дүкені карантин режимін елемей жұмыс істеген.
Сарыарқа ауданында үш мекеме еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзды. Олар "Nirvana", "Friends Time" және "Bariton" караоке-бары.
Есіл ауданында 7 мекеме карантин нормаларын бұзды. Ол "Aura Verdant", "Veranda" мейрамханалары, "Ginza" караоке-мейрамханасы, "Opus One" кафесі, "Koleso" бары, "Aura Club Alanya" түнгі клубы және "Lavash Food" мейрамханасы. Жоғарыда аталған мекемелер карантин режимін бұзып, есіктерін жауып жұмыс істеген.
Айта кетейік, барлық жағдай бойынша әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына рапорт жолданды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақта тұр. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, күн сайын 1300-ден астам адамнан КВИ анықталады. Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары коронавирус инфекциясының одан әрі таралуын болдырмау үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек.