
Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Тағы екі iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың үшінші ұтыс ойыны 24 шілдеде (сенбі) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтті. Оған 17 шілде мен 23 шілде аралығында вакцинацияланғандар қатысты. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде өтеді, вакцинацияланғандарға тіркеуден өтудің және құжат толтырудың қажеті жоқ.
Осылайша, екі iPhone 12-нің жеңімпаздары: №8787 – Самал Нүкенова және № 5455 – Артур Шпехт.
«Sulpak» дүкенінен тоңазытқышының жеңімпазы: №8089 – Құртқа Тәжібаева;
«Sulpak» дүкені теледидарының иегері: №13252 – Мақсат Қойкенов;
«Sulpak» дүкенінің микротолқынды пеші: №183 – Татьяна Билецкая.
IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын елорда әкімдігі апта сайын, жаздың соңына дейін өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, iPhone12-нің алты данасы және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойыны 9, 17 және 24 шілде күндері өтті. Ұтыс ойынының жүлделері демеушілер есебінен өткізіледі.
Birge платформасында (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакцинацияланғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.
Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру мақсатында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлік ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО және сауда үйлері.
Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.
Ал «MEGA Silk Way» СОО-ның вакцинация пунктінде екпе алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді.
Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру, осылайша өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Өйткені, басты мақсат – ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы керек.