Елордалық ҚХА Арыста зардап шеккендерге гуманитарлық кɵмек кɵрсетедi

Елордалық ҚХА Арыста зардап шеккендерге гуманитарлық кɵмек кɵрсетедi

Нұр-Сұлтан қалалық ҚХА Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек ретінде қаражат жинауды бастады, деп елорда əкiмдiгiнiң ресми сайты хабарлайды. 

"Ахыска" түрік мәдени орталығының жетекшісі Асқар Пириевтің, өзбек этномәдени орталығының жетекшісі Хасан Шариповтiң бастамасымен кеше Арыс қаласына 22 тонна ұн жіберiлдi.

Достық үйінде бірінші кезекте қажетті тауарларды, гигиена құралдарын, азық-түлік өнімдерін жинау және үйлестіру бойынша жұмыс тобы ұйымдастырылды.

Елорда тұрғындары төсек-орын, жазғы киім-кешек, жеке гигиена құралдары, азық-түлік, балалар тағамы мен т. б. әкелуді сұрайды.

"АРЫС" қабылдау пункті 25-28 маусым аралығында сағат 10-нан кешкі 22-ге дейін Б. Момышұлы даңғылы, 24/9, Достық үйі мекен-жайында жұмыс істейді.