Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады

Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында азаматтарды қабылдау барысында 30-дан астам мәселе талқыланғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Азаматтарды кезекті рет қабылдадым. Өзара байланысты нығайту үшін азаматтарды апта сайын қабылдаймыз. Бұл қала тұрғындарының сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Жеке қабылдауға 10 адам қатысты. Кездесу барысында 30-дан астам сұрақ қамтылды.

Негізгі сұрақтар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, білім алу, медициналық көмек және т.б. қатысты», — деп жазды елорда әкімі.