
Елордада «Өндіріс» – GreenLine» бағытындағы жаңа қалалық бағдар іске қосылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
«Өндіріс» тұрғын алабы тұрғындарына көліктік қызмет көрсетуді жақсарту үшін 26 шілдеден бастап «Өндіріс» – GreenLine» қатынасымен жаңа №30 қалалық бағдар іске қосылады.
Бағдардың қозғалыс уақытын 1 тамыздан бастап 2GIS қосымшасы арқылы қадағалауға болады.
Естеріңізге сала кетейік, елордада қоғамдық көліктің жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады. Бұл күндері автобустарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Айта кету керек, автобустарға тек бетперде тағу арқылы кіруге рұқсат етіледі, ал жолақысы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады.