
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Ы. Дүкенұлы көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Биыл 23-28 шілде аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Ы. Дүкенұлы көшесінің Ш.Уәлиханов көшесінен Орлыкөл көшесіне дейінгі аралық жабылды.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.