Астаналықтар Арыс қаласында зардап шеккендер үшін қан тапсырды

Астаналықтар Арыс қаласында зардап шеккендер үшін қан тапсырды

 

Қазақстан халықтарының Ассамблеясы жастар қанатының өкілі Фарангиз Ахметова ұйымның Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қабылдаған шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бүгін барлық жастар ұйымдары бастамашылық танытты. Біз Арыс қаласында зардап шеккендерді қолдау акциясын өткізудеміз, қан тапсырып жатырмыз, жиналған барлық қаражат мұқтаждарға жіберіледі», - деп түсіндірді ол.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының Донорлық кадрларды жинақтау бөлiмшесiнің меңгерушісі Эльмира Көпееваның айтуы бойынша, қан тапсыру алдында көптеген қарсы көрсетілімдер бар.

«В, С, гепатиттері, АҚТҚ, сифилис - егер осы жұқпалы аурулармен ауырған болса, қан тапсыруға болмайды. Жүрек-қантамырлық жүйесінің созылмалы аурулары, күрделі оталар, органдарды ауыстырып қондыру – бұл да қарсы көрсетілімдер. Дәрі қабылдау, антибиотиктер болса - екі апта қан тапсыруға болмайды, алкогольді ішімдіктерді қабылдау - 48 сағат», - деп қосты дәрігер.

Елордада гуманитарлық көмек көрсету пункттері ашық, ал Арыс қаласының балалары үшін жазғы лагерьлер ұйымдастырылады.

«Біз барлық қажетті заттармен көмектесуді міндетіміз деп санаймыз. Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерін, киім-кешек, адамдарға қажет болатын барлық жабдықтарды жинаймыз», - деп атап өтті Ахметова.