
Нұр-Сұлтанда соңғы бірнеше күнде коронавирустық инфекциямен сырқаттанғандар саны күрт өсті. Оның себебі және қауіпті вирустың таралуын тоқтату үшін қандай шаралар қабылданатынын қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов Instagram парақшасында тікелей эфирде түсіндіріп береді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бүгінгі күні елордада күн сайын КВИ ауруының 1000-нан астам жаңа жағдайы анықталады. Қалада қосымша ковидтік төсектер мен реанимациялық бөлімшелер ашылады. Қалыптасқан эпиджағдайға байланысты Нұр-Сұлтанда карантиндік шаралар қатаңдатылды.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордадағы эпидемиологиялық жағдай, сырқаттанушылықтың өсу себептері, инфекциялық стационарлардағы төсек орындарының толуы, вакцинацияның маңыздылығы туралы және танымал журналист Динара Сатжанның Instagram парақшасында өтетін тікелей эфирде айтып береді.
Тікелей эфир бүгін, 15 шілде күні сағат 19:00-де өтеді.