Түн ортасынан кейін жұмыс істейді: Елордада карантин талаптарын бұзған алты мекеме жауапкершілікке тартылды

Түн ортасынан кейін жұмыс істейді: Елордада карантин талаптарын бұзған алты мекеме жауапкершілікке тартылды

Елорданың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин талаптарын бұзғандарды анықтау және жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. 11 шілде күні шектеу шараларын сақтамағаны үшін қаланың 6 мекемесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында санитарлық дәрігер белгілеген уақыттан кейін «Hustle» ойын клубы, «Yamato» интернет-клубы, «Mine» пабы, «Quartet» караоке-клубы келушілерді қабылдаған. Ал «Quartet» караоке-клубының қызметкерлері маска режимін де сақтамағаны анықталды.

Сарыарқа ауданында орналасқан «Stanbul» кафесі түн ортасынан кейін жұмыс істеді. Байқоңыр ауданындағы «Fakir» кафесінде де осы талаптар бұзылған.

Тәртіп бұзғандарға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Айта кету керек, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып отыр.

Күн сайын Нұр-Сұлтанда КВИ ауруының жүздеген жаңа жағдайы анықталады. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары өзінің және өзгелердің денсаулығын сақтау үшін санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын қатаң сақтауы тиіс.