Елордалық Magnum Cash&Carry желісінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы 100% вакцинациядан өтті

Елордалық Magnum Cash&Carry желісінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы 100% вакцинациядан өтті

Нұр-Сұлтанда вакцинация науқанының ауқымы артып келеді. Мобильді вакцинация топтары күніне бірнеше кәсіпорынға қызмет көрсетеді. Бүгін елордадағы Magnum Cash&Carry ірі сауда желісінің барлық қызметкері екпе алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 

Қызметкерлер вакцинаны супермаркет филиалдарының бірінде алды. Дәрігерлердің нұсқауы бойынша егілген қызметкерлер 30 минутқа дейін медицина қызметкерлерінің бақылауында болды. 

 

Дәрігерлер вакцинаның әсері, сақтық шаралары туралы, сондай-ақ вакцинаның екінші дозасын алатын күндерін айтты.

 

«Бүгін біздің супермаркеттің қызметкерлері өз еркімен вакцинация алу туралы шешім қабылдады. Біз тікелей сатып алушылармен жұмыс істейміз. Пандемия кезінде тұрғындарды қажетті нәрселермен қамтамасыз ету үшін жұмысымыздың бір күні де тоқтаған жоқ. Елде COVID-19 өршіп тұр, әрине, денсаулық сақтау біз үшін өте маңызды, сондықтан өзіміз бен сүйікті клиенттерімізді қорғау үшін ұжымдық вакцинация жасаймыз», — деді Magnum Cash&Carry компаниясының аумақтық директоры Елена Малышева.

 

«Әлемде коронавирус өршіп тұр. Біз қызметкерлерімізбен бірге ерікті түрде вакцинациялаудан өтеміз деген шешімге келдік. Себебі қала тұрғындарымен үздіксіз жұмыс істейміз», — деді Magnum компаниясы филиалының директоры Анна Пяткина.

 

«Вакцинация қалыпты жағдайда өтті. Дәрігерлер өте жақсы. Өзімді жақсы сезінемін», — деп компания қызметкері Жангелді Омаров өз әсерімен бөлісті. 

 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 ақпанында Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті вакцинация науқаны басталды. Бүгінде қалада БМСК мекемелерінде, сондай-ақ ірі СОО-лар мен сауда үйлерінде 100-ден астам егу пункті жұмыс істейді. Сонымен қатар әр емханада ұйымдастырылған мобильді бригадалар жұмыс орындарындағы еңбек ұжымдарын вакцинациялай алады.