
Жақында «Ashyq» қосымшасында «жасыл» статусы бар талапкерлер арасында TAU имидждік өнімін ойнату бойынша бірінші акция өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
TAU имидждік өніміне алғаш болып Мәди Нәбиев ие болды. Оның айтуынша қоғамдық орындарда және университетте оқыған кезде өзін сенімді сезіну үшін вакцина алу туралы шешім қабылдаған. Мәди өзге студенттерді де короновирустық инфекцияға қарсы екпе алуға шақырады. Вакцинацияланған педагогтер мен «Тұран-Астана» университетінің студенттері үшін бірқатар акция жоспарланып отыр:
- профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер арасында вакцинация паспорты сериясының нөмірін кездейсоқ таңдау әдісімен мамандандырылған дүкендерде тауарлар сатып алуға арналған арнайы сертификаттардың ұтыс ойыны;
- талапкерлер арасында TAU имидждік өнімдерінің ұтыс ойыны;
- профессор-оқытушылар құрамы үшін сауықтыру кешендеріне жолдамалар беру;
- студенттерге вакцинация паспорты сериясының нөмірін кездейсоқ таңдау әдісімен «жол ақшаларын» қосымша төлеу;
- студенттер мен қызметкерлер үшін ағылшын тілін оқытуға сертификаттар беру;
- вакцинацияланған 20 студентке (2021-2022 оқу жылы) вакцинация паспорты сериясының нөмірін кездейсоқ таңдау әдісімен оқуға 5% жеңілдік беру;
- тау түлектерінің қауымдастығымен вакцинация паспортының сериялық нөмірін кездейсоқ таңдау әдісімен оқуға 50% жеңілдік (2021-2022 оқу жылы);
- студенттік жатақханада тұруға жеңілдіктер беру және т.б.
«Тұран-Астана» университеті де жаңа оқу жылын толыққанды режимде бастауға дайындалуда.