Елордада «ESIRTKIGE JOL JOQ» акциясы өтті

Елордада «ESIRTKIGE JOL JOQ» акциясы өтті

Елорда күніне орай Нұр-Сұлтанда нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша «ESIRTKIGE JOL JOQ» акциясы өтті. Шараны елорда әкімдігінің «Астана жастары» КММ полиция департаментімен және «Ренессанс» оңалту орталығының психологтарымен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту, сондай-ақ осы санаттағы жастардың үлесін азайту.

«Біз салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізудеміз. Жастарға психотроптық заттарды пайдаланбау керектігін, өскелең ұрпаққа есірткінің қаупін түсіндіру қажет», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Сергей Ильиных.

Іс-шара барысында есірткі сату туралы мәліметтері бар жазуларды бояу бойынша рейдтер, сондай-ақ алдын алу шаралары бойынша 1000 ақпараттық буклетті тарату үшін көңіл көтеру орындарында рейдтер өтті.