Елордада 19 маусым мен 1 тамыз аралығында стриболдан "NUR-SULTAN CUP" турнирі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Біріншілік ойындары тек демалыс күндері өтеді. Жарысқа U16 және U18 санатындағы қыздар мен ұлдар қатыса алады.
Әр командада 4 ойыншы болуы керек (3 ойыншы алаңда, 1-еуі қосалқы құрамда).
Турнир елорданың 4 ауданында өтеді:
- Ботаникалық саябақ;
- Триатлон паркі;
- Еуразия ұлттық университетінің көпірі;
- Самал-3 шағын ауданы.
Жүлделі орындарға ие болған командалар кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталады. Сонымен қатар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар атынан стритбол формалары табыс етіледі.
Тіркелу үшін мына нөмірге хабарласу қажет:
Д. Тұратұлы - 8 707 913 91 38.
Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, "Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ.
