
«Абу Даби Плаза» СОО-да вакцина қабылдаған азаматтар арасында жүлделер ойнатылады. Вакцинацияланған азаматтар ұтыс ойынына екпе алғаннан кейін бірден қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Абу-Даби Плаза» СОО-да егу пункті 22 сәуір күні ашылған болатын. Мұнда бүгінге дейін 6 100-ден астам адам вакцина қабылдады.
«Сауда ойын-сауық орталықтарында вакцинация пунктін ашу – қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы жағдай жасау үшін жасалған қадам. Бизнес иелері өз кезегінде вакцина қабылдағандарды ынталандыру үшін түрлі акциялар, ұтыс ойындарын өткізіп жатыр. Біздің егу орнымызда 7 маусымнан бастап вакцинацияланғандар үшін арнайы сыйлықтар ойнатылады. Оларға біздің сауда орталығының 24 бутигінде әртүрлі жеңілдіктер беріледі», — дейді сауда орталығының бас директоры Хакан Нильсон.
Естеріңізге сала кетейік, елордада вакцинация пункті "Mega Silk Way", "Keruen", "Хан Шатыр", "Абу-Даби Плаза", "Азия Парк", "Сарыарқа" СОО-ларында және "Әлем" және "Еуразия" сауда үйлерінде ашылды. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша вакцинация пункттері 3 есеге ұлғайтылды.
Айта кетейік, сауда үйлері мен қала орталықтарында вакцинациялау аймақтарын ұйымдастыру Нұр-Сұлтан қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп жүргізіледі, онда санитарлық талаптарға сәйкестігі мен нормалардың сақталуы бойынша барлық жағдай қаралады.
к