
Елорда күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында барша қазақстандықтар сүйіп тыңдайтын «Музарт» тобының концерті өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Танымал трио тыңдарманын 20 жыл бойы шығармашылығымен қуантып келеді.
«МузАрт» биыл өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтіп, бұл күнді өз тыңдармандарымен бөлісті. Халықтың ыстық ықыласына бөленген топтың бұрынғы әндері де, жаңа туындылары да шырқалды.
Концерт «Хабар» телеарнасынан 6 шілде күні сағат 18.00-де, 23.00-де көрсетіледі.