Еліміздің ауа райының күрт ысуы демалыс күндері де болады

Еліміздің ауа райының күрт ысуы демалыс күндері де болады

Қазақстан аумағын қамтыған аномалды жылу алдағы демалыс күндері сақталады. Кейбір өңірлерде ауа температурасы 45 градусқа дейін, ал Нұр-Сұлтанда термометр +35 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Алдағы демалыс күндері, яғни 3-5 шілдеде республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында және орталығында ауа температурасы түнде +15+23 градус, күндіз термометрлер +35+40 градус болады. 

Еліміздің шығысында ауа температурасы түнде +12+20℃ +17+25°С, күндіз +27+35℃ +30+38°С, ал оңтүстік-батыста, Қазақстанның оңтүстігінде түнгі температура +20+28°С, күндіз +35+45°С болады.