Алтай Көлгінов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Алтай Көлгінов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Көпұлтты және көпконфессиялы халқымыздың мығым бірлігінің арқасында тәуелсіз еліміз татулық пен ынтымақтың отанына айналды. Елбасымыз қалыптастырған «Қазақстандық жолдың» басты формуласы – халық бірлігі.

Ел бірлігін сақтап, одан әрі нығайта түсу – әр тұрғынның парызы. Президентіміз атап өткендей, «тек қажырлы еңбегіміз бен табандылығымдың арқасында ғана қуатты әрі гүлденген мемлекет құра аламыз».

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!» – деп жазды елорда әкімі.