Елордада Ш.Бейсекова мен Тілендиев көшелерінің қиылысы жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылады

Елордада Ш.Бейсекова мен Тілендиев көшелерінің қиылысы жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылады

Ш.Бейсекова мен Тілендиев көшелерінің қиылысы осы жылдың 29 сәуірі сағат 21:00-ден бастап 30 сәуір сағат 07:00-ге дейін жол жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы елорда полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты Ш.Бейсекова мен Тілендиев көшелерінің қиылысы осы жылдың 29 сәуірі сағат 21:00-ден бастап 30 сәуір сағат 07:00-ге дейін жартылай жабылады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.