
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері және Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы әйелдерге қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтар арасында ақпараттық, білім беру, құқықтық түсіндіру бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің рнсми сайты.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы әйелдерге қатысты күнделікті жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан түрлі сипаттағы қылмыстар жасалуда. 2021 жылдың 1 тоқсанында жалпы алғанда 7700-ден астам (2020 жылы — 6400) қылмыс тіркелді, оның ішінде әйелдерге қатысты 1800-ге жуық (2020 жылы — 1300).
Қылмыстардың негізгі себептері — арадағы қарым-қатынастың бұзылуы, алкоголь ішу, мүлікті бөлу мәселелері, қызғаныш, отбасылық жанжалдар кезінде әйелді қорлауға деген ұмтылыс. Мінезі тұрақты әйелдер зорлық-зомбылық қаупінен арылуға тырысады. Әйел адамдарға көбіне жақыны немесе танысы зиян тигізіп жатады. Дегенмен көптеген фактілер жасырын күйінде қалады.
Есептік кезеңде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы "Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер" бойынша 411 құқық бұзушы (2020 жылы — 153), ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 "денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша 146 құқық бұзушы, "ұру" ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша 56 құқық бұзушы жауапқа тартылды.
Құқық бұзушыларға қатысты 2239 қарсы (2020 жылы — 2065) қорғау ұйғарымдары шығарылды, бұл 7,8%-ды құрайды. Жыл басынан бері сот 103 құқық бұзушыға қатысты (2020 жылы — 72) ерекше талап шығарды, бұл 30,1%-ды құрайды.
Полицияда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің сенім телефондары бар. Аудан бойынша осы қызметтің телефондары:
Полиция департаменті 71-60-63;
Алматы ауданы Полиция басқармасы 71-67-03;
Есіл ауданы Полиция басқармасы 71-65-45;
Байқоңыр ауданы Полиция басқармасы 21-20-72;
Сарыарқа ауданы Полиция басқармасы 71-63-73;
Дағдарыс орталығы 49-78-89.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің бастамасымен қоғамда кеңінен белең алып бара жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында отбасылық құндылықтарды дәріптейтін әлеуметтік ролик даярланды. Отбасы — мемлекетіміздің шағын ұяшығы. Онда берілген тәлім тәрбие арқылы қоғамның толыққанды азаматтары өсіп шығады. Қазіргі ұрпақ — еліміздің ертеңі мен болашағы. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті адам құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, заңды бұзбауға шақырады.