Ақыртас көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысы 7 мамырға дейін жартылай жабылады

Ақыртас көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысы 7 мамырға дейін жартылай жабылады

Елордада Ақыртас көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысы жөндеу жұмыстарына байланысты 29 сәуір мен 7 мамыр аралығында жартылай жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Бағдаршам объектісін орнату, аялдама пунктін ауыстыру, сол сияқты жол қиылысын реконструкциялау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне байланысты осы жылдың 29 сәуірі мен 7 мамыры аралығында Ақыртас көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысы ішінара жабылатын болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген басқарма хабарламасында.