Елордада Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған челлендждің үздік қатысушылары марапатталды

Елордада Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған челлендждің үздік қатысушылары марапатталды

Қазақ елінің тарихындағы тұңғыш кәсіпқой палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, «Астана жастары» КММ және Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы елордалықтар арасында Instagram әлеуметтік желісінде челлендж бастау алған болатын. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

14 күнге созылған бұл челленджге 200 ден астам жас қатысты. Сайыс ережелері бойынша Сергей Цырульников және Айтым Жакуповтың көрсеткен үлгісі бойынша қатысушылар гір тасын көтеріп, кермеге тартылып, кеудені жерден көтеріп, оны видеороликке түсіріп Инстаграм желісіне #Қажымұхан150жыл хештегімен шығаруы керек болатын. Сәйкесінше жаттығуды таза және көп мөлшерде орындаған қатысушы жеңімпаз атанды.

Бүгін қатысушылар арасынан үздік деген 3 жігіт іріктеліп алынды. Олар:

1. Ержігіт Еркебайұлы;
2. Тоқтар Студентұлы;
3. Диас Мұхтарұлы.