
Қалалық iKOMEK мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Call Center Awards 2020-2021 халықаралық байқауында «Цифрлық жаңғырту мен трансформациялаудың үздік бағдарламасы» номинациясы бойынша қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Биылғы «Хрустальная Гарнитура» байқауына Ресей, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және Украина елдерінен 100-ден астам байланыс орталығының атынан 330-дан астам үміткер қатысты.
Айта кету керек, iKOMEK үшінші жыл қатарынан осы беделді байқауда Қазақстанның атынан ТМД елдерінің бизнес-ұйымдарының байланыс орталықтарын таныстырады.
«Хрустальная Гарнитура» байланыс орталықтары мен клиенттерге қызмет көрсету индустриясындағы ең беделді, танымал және кәсіби марапат, «Оскардың» балама түрі болып саналады. IKOMEK тобы кәсіби халықаралық сарапшылар қауымдастығы орталық қызметкерлерінің үш жыл бойы жасаған күш-жігерін мойындайтынын мақтан тұтады. Бұл номинация елорданың игілігі үшін жұмыс істеуге үлкен ынталандыру», – деп атап өтті iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.
IKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы 2018 жылдың басынан бастап жұмыс істейді. Осы кезеңде қала тұрғындарынан 6 миллионға жуық өтініш қабылданды. Күн сайын мұнда 7 мыңнан 29 мыңға дейін өтініш түседі.
IKOMEK109 Бірыңғай байланыс орталығына 109 қысқа нөмірі арқылы (қалалық және ұялы телефондар үшін тегін), сондай-ақ баламалы құралдар арқылы жүгінуге болады:
- әкімдіктің ресми сайты astana.gov.kz;
- iKOMEK109 мобильді қосымшасы (PlayMarket / AppStore);
- Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot);
- Smart Astana (PlayMarket/AppStore) мобильді қосымшасы);
- электрондық пошта.