Елорданың Ботаникалық бағында Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған онлайн жүгіру өтеді

Елорданың Ботаникалық бағында Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған онлайн жүгіру өтеді

Есіл ауданының әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының Спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізу жөніндегі дирекциямен бірлесіп, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ботаникалық бақта онлайн жүгіру өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданының әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының Спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізу жөніндегі дирекциямен бірлесіп, 17-26 сәуір аралығында ашық ауада жекелей түрде онлайн оқыту жүргізеді. Өткізу уақыты: 09.00-20.00 аралығында.

Қатысу үшін төменде көрсетілгендерді орындауыңыз қажет:

1. Нәтижелерді бақылау үшін «Strava» мобильді қосымшасына тіркеліңіз.

2. Онлайн жарысқа қатысқаннан кейін нәтижелерді және төмендегі мәліметтерді көрсетілген нөмірге жіберіңіз:

* Жеке куәлік
* «Strava» бағдарламасындағы аккаунт атауы

3. Нәтижені бекіту үшін телефоныңызға, сағатыңызға «Strava» бағдарламасын қосуды ұмытпаңыз.

4. Instagram-дағы өз парақшыңызға жүгіріп өткен нәтижеңізді бөлісе отырып, @esilakimat парақшаларын #ESILSPORT хэштегімен және қашықтығыңызды көрсете отырып, #онлайн 5км, #онлайн 3КМ, #онлайн 2км, #онлайн 1км белгілеңіз.

Сондай-ақ, нәтижеңізді WhatsApp-тағы 8 775 947 22 79 (Еділ) нөміріне жіберуіңіз қажет. Осы арқылы жарыстың қорытындысы шығарылатын болады.

Жеңімпаздар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.