Нұр-Сұлтанда ақылды қаланы даму саласындағы инновациялық ынтымақтастық талқыланды

Нұр-Сұлтанда ақылды қаланы даму саласындағы инновациялық ынтымақтастық талқыланды

Елордада «2021 жылға арналған Ақылды және тұрақты қаланы дамыту саласындағы ынтымақтастықты инновациялық қаржыландыру және жоспарлау»тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара «2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты даму саласындағы күн тәртібіне және БҰҰ ЕЭК аймағындағы қалаларды дамытудың жаңа бағдарламасына қол жеткізу үшін ақылды тұрақты қалалар» жобасы шеңберінде өтті.

Ұйымдастырушылар — БҰҰ ЕЭК астаналық цифрландыру басқармасымен және «Astana Innovations» бірлесіп, ұсынымдар әзірледі.

Талқылау барысында дөңгелек үстелге қатысушылар қаланың дамуы және алдағы жылға арналған жоспар бойынша пікір алмасты. Талқылау барысында айтылған даму жөніндегі негізгі идеялар жобалардың тиімділігін және Smart City тұжырымдамасын дамытуды қамтыды.

Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ботагөз Қасабектің айтуынша, бұл жұмыс техникалық қолдау мен инвесторларды қаланың нақты қажеттілігі бар жобаларға бағыттауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен БҰҰ ЕЭК арасындағы өзара ынтымақтастық елорда жобаларына шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар сондай-ақ ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің пайдасы мен тиімділігін атап өтіп, БҰҰ ЕЭК өкілдері, қаланың аудандық әкімдіктері мен қалалық басқармалар арасында тұрақты кездесулер өткізу туралы уағдаласты.

Сондай-ақ, қаланы қаржыландыру және ынтымақтастық басымдықтарын құру жөнінде кезекті кездесу жоспарланды.