Елорда әкімі Рамазан айының басталуымен құттықтады

Елорда әкімі Рамазан айының басталуымен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елорда тұрғындары мен қонақтарын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бірлік пен мейірімділіктің, төзімділік пен өзара көмек көрсететін ай. Ізгі ниет пен игі істер қабыл болсын!

Дүниежүзілік пандемияны ескере отырып, ораза ұстау белгілі бір шектеулерде өтеді. Осы орайда бірлігімізді көрсету маңызды.

Бұл ай Наурыз мейрамындағыдай игі істерге арналады. "Қайырымды істер" марафоны аясында мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратамыз, сондай-ақ басқа да қайырымдылық акцияларын өткіземіз.

Әр отбасына зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеймін!» – деп жазды қала әкімі.