Нұр-Сұлтанда газдандыру құжаттары тағы екі тұрғын үй массивтеріне беріле бастады

Нұр-Сұлтанда газдандыру құжаттары тағы екі тұрғын үй массивтеріне беріле бастады

Нұр-Сұлтанда «Оңтүстік-Шығыс», «Агроқалашық» (2020 жылы газға қосылмаған бөлігі) тұрғын үй массивтерінің тұрғындары үшін газға қосуға арналған техникалық шарттарды беру рәсімі басталды. Аталған тұрғын үй массивтерін, сондай-ақ «Көктал-1», «Промышленный» тұрғын үй массивтерін келесі жылыту маусымына дейін газға қосу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Техникалық шарттарды алу үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға Республика даңғылы 24, «Парасат» БО мекенжайы бойынша хабарласу қажет. Бұл ұйым газбен жабдықтауда ішкі желілерінің қауіпсіздігімен және оған тікелей қосылуына тексерумен айналысады, сондай-ақ одан әрі пайдалануға жауапты.

Биылғы жылыту маусымында (2020-2021 ж.) «Железнодорожный», «Көктал-2» және «Агроқалашық» тұрғын үй массивтерінің тұрғындары газға көшу мүмкіндігіне ие болды.

Қаланы газдандыру 3 кезеңнен тұрады. Ол қаланың экологиясын едәуір жақсартуға және жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

 

Фото: Александр Куприенко