
Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы 2020-2022 жылдарға арналған «Отбасы – бақыт мекені» үш жылдық жобасы шеңберінде кешенді іс-шаралар, оқыту семинарлары, тренингтер және т.б. өткізу арқылы отбасылық құндылықтарды түсіндіру жолымен неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асырады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.⠀
Жоба барысында мынадай іс-шаралар ұйымдастырылады:
• Жас отбасыларға отбасылық құндылықтарды түсіндіру бойынша семинарлар, онлайн-тренингтер;
• Ата-ана болуды жоспарлап отырған жас отбасыларға арналған онлайн-тренингтер;
• «Үздік жас отбасы» байқауы;
• Отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Отбасым – мақтанышым» бейнероликтер байқауы;
• ЖОО және колледж студенттеріне арналған факультативтік сабақтар;
• Жас отбасылар арасында әлеуметтік желілерде «Отбасылық демалыс» тақырыбында байқау;
• Отбасылық спорттық марафон.
Толығырақ ақпарат @elorda.otbasy және @ns_jastary парақшаларында жарияланады.