Әкімдік елорда базарларымен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19 түріне шекті сауда үстемесін белгілеу бойынша уағдаластыққа қол жеткізді

Әкімдік елорда базарларымен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19 түріне шекті сауда үстемесін белгілеу бойынша уағдаластыққа қол жеткізді

Елорданың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Шапағат», «Әлем», «Әсем», «Шарын», «БигШанхай», «Астаналық» азық-түлік базарларының өкілдерімен кездесу өткізді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу шеңберінде өнімдердің 19 түріне шекті сауда үстемесін белгілеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу аясында әкімдік пен азық-түлік өнімдерінің өкілдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне қосымша сауда үстемесін орнату туралы келісімге қол жеткізді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс. Ал елорданың сауда орындары көптеген позициялар бойынша 7-10%-дан астам мөлшерде үстемеақы белгілеуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл сәттер тиісті меморандумда көрініс табады.

Сондай-ақ, осы мәселе бойынша «Magnum», «Small», «Ayan», «Фермаг» «Анвар» және «Метро» сауда желілерімен меморандум жасасу бойынша іс-шаралар пысықталуда.

Жалпы нарықты қамту шамамен 60%-ды құрайды.

Сонымен бірге мемлекет «айналым схемасын» іске асыру үшін қаражат бөлуді жүзеге асырады. Осы тетік шеңберінде елорданың 8 кәсіпкерлік субъектісіне қарыз берілді, бұл қаланың ірі сауда объектілерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 18 позициясының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.