



Бүгін елордада «Elbasy jáne Elorda» фотокөрмесі ашылды.
Іс-шараға «Нұр-Сұлтан» қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов, «Нұр-Сұлтан» қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев, қазақстандық қоғам және мемлекет қайраткерлері, сарапшылар қатысты.
Көрменің ашылуында әкімнің орынбасары Ерлан Каналимов экспозицияның мақсаты елорданың жетістіктері мен табыстарын көрсету болып табылатындығын атап өтті. Оның айтуынша, фотосуреттер тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен нығаюындағы Елбасының рөлін көрсетеді. «Елдің дамуындағы ерекше тарихи кезеңге айналған елорданы көшіру идеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорда жаңа, серпінді дамып келе жатқан Қазақстанның бейнесіне айналды, ол өткеннің бай мұраларын және бүгіннің үздік жетістіктерін келісімді үйлестіреді», - деп атап өтті Е. Каналимов.
Көрмеде Елбасының елордамыздың тәуелсіз Қазақстанның нышаны ретіндегі дамуындағы көрнекті рөлін көрсететін 80 фотоматериал ұсынылған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фотосуреттер Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік мұрағатының мұрағат қорынан және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында сақтаулы тұрған Елбасының жеке мұрағатынан алынды.
Көрме тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Н.Ә. Назарбаевтың елді басқарудағы ең жоғары лауазымда болуының 30-жылдығына орайластырылғандығын атап өту керек. Дәл 1989 жылғы 22 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы лауазымына сайланды және содан бері ол нақты жасалған, тиімді мемлекеттік саясат жүргізіп 30 жыл бойы Қазақстанды тұрақты түрде басқарып келді.
Көрме «MEGA Silk Way» СОСО өтуде және 2019 жылғы 10 шілдеге дейін жалғасады.