

Нұр-Сұлтанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің есімдері белгілі болды, деп қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өз телеграмм-арнасында хабарлады.
Бас қалада «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша конкурстық іріктеу аяқталды.
Малика Бектұрова өзінің телеграм-арнасында (https://t.me/MBekturova) жалпы қоры 186 млн теңге болғанын хабарлады. Конкурс комиссиясының шешімімен 63 жоба грант жеңіп алды. Олардың бәрі 18-60 жас аралығында. Бір-бірін алға қойға айқын мақсаты, өз идеясына деген сенімділігі және табысты болуға деген құштарлығы біріктіреді!
Бұған қоса әкім орынбасары өтінімдерді қабылдау екі айға созылғанын жеткізді. Ал іріктеу конкурсы 4 күнге жалғасты. Бұл кезеңнің бәрі Facebook-те онлайн режімде көрсетілді.
Комиссия құрамында мемлекеттік қызметкер енген жоқ. Олардың бәрі бизнес, қоғам өкілдерінен құралды.
Малика Бектұрова өз сөзінде әкімдік алдағы уақытта гранттар тізімін ұлғайтуды әрі жұрттың өз арманын жүзеге асыруға мүмкіндік беру жағы жоспарланып отырғанын қозғап өтті.