




Қазақстанның тұрақты дамуының жаңа деңгейі: сабақтастық, дәстүр және қазіргі заман. Бұл тақырыпты сараптамалық кездесудің қатысушылары – ғалымдар, қоғам қайраткерлері, елорданың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері талқылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Кездесуге қатысушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзіндегі бағыттардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Кездесуге Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері, «жасыл» экономика және G-Global дамуы коалициясының, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері және т.б. қатысты. Олардың пікірінше Қазақстан дамуының жаңа кезеңі үшін бірқатар фактор қажет. Бұл сапалы денсаулық сақтау, жақсы білім беру, дәстүрлерге ұқыпты қарау, мәдени құндылықтарды сақтау, отбасы мен қоғамдағы бірлік, білімге ұмтылу. - Қазақстанның тұрақты даму мақсаттары туралы айтатын болсақ, олардың өміріміздің барлық салаларына қатысты екенін түсінеміз. Бұл – денсаулық сақтау, экология, ғылым салаларын, гендерлік саясатты дамытуға байланысты мәселелер. Азаматтық қоғам мен мемлекеттің қандай бағытта дамитынын, нәтижеге табысты қол жеткізу үшін не істеу керектігін түсінуі тиіс. Бүгінде Қазақстанның барлық индекс бойынша дамудың басқа деңгейіне көшуге үлкен мүмкіндігі бар, - деп есептейді "КАМЕДА" қоғамдық қорының атқарушы директоры Махаббат ЕСПЕНОВА. - Тұрақты даму – елде немесе әлемде не болып жатқандығына қарамастан, халықтың әл-ауқаты жеткілікті деңгейде болған кезде өмір сүруі үшін лайықты жағдай. Қойылған барлық міндетке қол жеткізу үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы қажет, себебі біз бір елде тұрамыз. Кездесу соңында сарапшылар Мемлекет басшысы ұлықтау рәсіміндегі сөйлеген сөзі тұрақты даму қағидаттарына, әділеттікке дәлел болатынын, сондай-ақ біздің қоғам әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің жаңа сатысына көтеріле алатынын ерекше атап өтті.